
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы BL-4U зарядталатын батареямен пайдалануға арналған. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея
түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы төмендегі зарядтағыштардан электр қуатымен қамтамасыз етілгенде пайдаланылуға арналған: AC-10.
Нақты Nokia зарядтағыш үлгісінің нөмірі штепсельдің түріне (E, X, AR, U, A, C, K немесе B деп белгіленеді) қарай әр түрлі
болуы мүмкін.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.