
SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
SIM картасы телефонға салынып қойған болуы мүмкін. Олай болмаса, төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1 Артқы қабын шешіп алыңыз.
2 Салынған болса, батареяны шешіп алыңыз.
3 Салғыштың құлпын ашу үшін SIM картасы салғышын сырғытыңыз.
Пайдалануды бастау
7

4 SIM картасы салғышын жоғары көтеріңіз.
5 SIM картасының контакт бетінің телефонға төмен қарап тұрғанын тексеріңіз
және SIM картасын SIM картасы салғышына сырғытып салыңыз.
6 SIM картасы салғышын орнына төмен қарай басыңыз. SIM картасы салғышын
құлыптау үшін оны сырғытыңыз.
7 Батарея түйіспелерін туралап, батареяны салыңыз.
8
Пайдалануды бастау

8 Қақпақты орнына салу үшін жоғарғы ілмекті слотқа қаратып, қақпақ орнына
түскенше төмен қарай басыңыз.
SIM картасы орнына дұрыс салынбаса, телефонды тек желіден тыс профильде
ғана қолдануға болады.