Параметрлер шебері
Параметрлер шебері көмегімен электрондық пошта мен байланыс параметрлерін
белгілеуге болады. Параметрлер шеберіндегі элементтерді пайдалану мүмкіндігі
құрылғының функцияларына, SIM картасына, қызмет провайдеріне және
Параметрлер шеберінің дерекқорындағы деректерге байланысты болады.
Меню
>
Приложен.
>
Средства
>
Маст. нстр.
белгішесін басыңыз.
Параметрлер шеберін пайдаланғанда жақсы нәтиже алу үшін, SIM картасын
құрылғының ішінде қалдырыңыз. SIM картасы салынбаған болса, дисплейдегі
нұсқауларды орындаңыз.
Төмендегілерінің бірін таңдаңыз:
Оператор — MMS, интернет, WAP және ағын параметрлері сияқты Оператордың
параметрлерін белгілеңіз.
Настройка эл/п — POP, IMAP немесе Mail for Exchange есептік жазбасының
параметрлерін орнатыңыз.
Өңдеуге болатын параметрлер әртүрлі болуы мүмкін.