Nokia C5 06 - Батареяны зарядтау

background image

Батареяны зарядтау
Батарея зауытта аздап зарядталған, бірақ телефонды бірінші рет қосу алдында

батареяны қайта зарядтау қажет болуы мүмкін. Егер телефон зарядтың аз екенін

көрсетіп тұрса, төмендегіні орындаңыз:

Қабырға розеткасынан зарядтау

1 Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.
2 Зарядтағышты телефонға қосыңыз.

3 Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтау құрылғысын телефоннан

суырып, содан кейін оны қабырғадағы ток сымынан ажыратыңыз.

Ұзақ уақыт пайдаланылмаған болса, батареяны зарядтау үшін зарядтағышты

жалғау, одан кейін ажыратып, қайта жалғау қажет болуы мүмкін.

Белгілі бір уақыт батареяны зарядтамауға және телефонды зарядталып жатқанда

да пайдалануға болады.

Пайдалануды бастау

11

background image

Егер батарея заряды толығымен таусылған болса, зарядтау көрсеткіші шыққанша

немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут өтуі мүмкін.

Кеңес: Пайдаланылмаған кезде зарядтағышты розетка мен құрылғыдан

ажыратып қойыңыз. Розеткаға қосылған зарядтағыш телефонға қосылмаса да

қуат тұтынады.

USB құрылғыны зарядтау

Қабырға розеткасын пайдалану мүмкін болмағанда, USB зарядтау тәсілін

қолдануыңызға болады. Құрылғыны зарядтау кезінде деректерді тасымалдауға

болады. USB зарядтау қуатының нәтижелілігі айтарлықтай өзгереді және

зарядтау басталып, құрылғы жұмыс істей бастауы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін.

1 Телефонды компьютер сияқты үйлесімді USB құрылғыға қосу үшін үйлесімді

USB деректер кабелін пайдаланыңыз.
Зарядтауға қолданылатын құрылғы түріне қарай зарядтау процесінің

басталуына біраз уақыт кетуі мүмкін.

2 Телефон қосылса, тиісті USB режимін таңдаңыз.