Nokia C5 06 - Экран көрсеткіштері

background image

Экран көрсеткіштері

Жалпы көрсеткіштер

Телефон пернелері мен сенсорлық экран құлыптанған.

Телефон кіріс қоңыраулар мен хабарлар туралы үнсіз ескертеді.

Оятарды орнатқансыз.

Жоспарланған профиль пайдаланылуда.

16

Негізгі қолданыс

background image

Қоңырау көрсеткіш шамдары

Сізге біреу қоңырау шалуға әрекеттенді.

Екінші телефон желісі қолданылуда (желі қызметі).

Телефонды кіріс қоңырауларын басқа нөмірге бұруға орнатқансыз

(желілік қызмет). Екі телефон желісі болса, нөмір қосулы желіні көрсетеді.

Телефон Интернет қоңырауларына дайын.

Дерек беру сеансы орындалып жатыр (желілік қызмет).

Хабар алмасу көрсеткіш шамдары

Сізде оқылмаған хабарлар бар. Көрсеткіш жыпылықтап тұрса, демек

хабарларға арналған SIM картасының жады толы болуы мүмкін.

Шығыс папкасында жіберілуді күтіп тұрған хабарлар бар.

Желі көрсеткіштері

Телефон GSM желісіне қосылған (желі қызметі).

GPRS пакеттік деректер байланысы іске қосылған (желілік қызмет). –

байланыс ұсталып тұрғанын, ал – байланыс орнатылып жатқанын

білдіреді.

EGPRS пакеттік деректер байланысы іске қосылған (желілік қызмет). –

байланыс ұсталып тұрғанын, ал – байланыс орнатылып жатқанын

білдіреді.

WLAN байланысы бар (желілік қызмет).

– байланыс шифрланғанын, ал

– байланыс шифрланбағанын білдіреді.

Байланыс көрсеткіштері

Bluetooth қосулы.

телефоныңыздың деректер жіберіп жатқанын

білдіреді. Көрсеткіш жыпылықтап тұрса, телефон басқа құрылғымен

байланыс орнатуда.

Телефонға USB кабелін қосқансыз.

GPS қосылған.

Телефон қадамдастырылуда.

Телефонға үйлесімді шағын гарнитура қосқансыз.

Телефонға үйлесімді мәтіндік телефон қосқансыз.