Nokia C5 06 - Батареяның қызмет ету уақытын ұзарту

background image

Батареяның қызмет ету уақытын ұзарту
Құрылғыдағы көптеген мүмкіндіктер қуаттың тұтынылуын көбейтіп, батареяның

қызмет ету уақытын қысқартады. Батареяның қуатын үнемдеу үшін, мынаны есте

сақтаңыз:

Bluetooth қосылым мүмкіндігін қолданатын мүмкіндіктер немесе осы

мүмкіндіктерді басқа мүмкіндіктерді пайдалану кезінде өңде іске қосып қою,

батарея қуатын көбірек жейді. Керек емес кезде Bluetooth қосылым

мүмкіндігін ажыратыңыз.

Анықтама іздеу 119

background image

Сымсыз LAN (WLAN) қолданатын мүмкіндіктер немесе осы мүмкіндіктерді

басқа мүмкіндіктерді пайдалану кезінде өңде іске қосып қою, батарея қуатын

көбірек жейді. Кіру нүктесіне қосылуға әрекеттенбегенде немесе

қосылмағанда және қол жетімді желілерді іздемегенде, WLAN қосылым

мүмкіндігі ажыратылады. Батарея қуатын бұдан әрі үнемдеу үшін, құрылғыны

қол жетімді желіні тексермейтіндей немесе сирек тексеретіндей етіп орнатып

қойыңыз.

Егер

Пакетное подключ.

>

Когда доступно

тармағын қосылым

параметрлерінен таңдаған болсаңыз және GPRS қосылымы болмаса,

құрылғы GPRS қосылымын орнатуға мерзімді түрде әрекет етеді. Құрылғының

жұмыс істеу уақытын ұзарту үшін,

Пакетное подключ.

>

По требованию

опциясын таңдаңыз.

Maps қолданбасы картадағы жаңа аймақтарға барған кезде жаңа карта

мәліметтерін жүктейді, мұндай жағдайда батарея заряды көбірек жұмсалады.

Жаңа карталардың автоматты түрде жүктелуіне жол бермеуге болады.

Өз аймағыңызда ұялы желінің сигналы жететін ауқым әр түрлі болса, құрылғы

қол жетімді желіні қайта-қайта іздейді. Бұл батареяның қуат тұтынуын

көбейтеді.

Дисплейдің артқы шамы батареяның қуат тұтынуын көбейтеді. Дисплей

параметрлерінде дисплей жарықтығын реттеуге және артқы жарық

өшірілгеннен кейінгі күту мерзімін өзгертуге болады.

Меню

>

Параметры

және

Телефон

>

Дисплей

>

Яркость

немесе

Тайм-аут подсветки

тармақтарын таңдаңыз.

Бағдарламаларды өңде қосулы қалдырып қою, батарея қуат тұтынуын

көбейтеді. Пайдаланылмайтын қолданбаларға кіру үшін, мәзір пернесін басып

тұрыңыз және қолданбаны таңдаңыз.